0Сіздің себетіңізде
XЕнді осы экзотикалық гүлді хош иіс кез келген оқиғада сізбен ілесіп жүреді. Оны клатчыңызға, қол жүгіңізге немесе осы хош иісті жағуға лайықты біреудің сыйлық пакетіне салыңыз.
Хош иістер коллекцияңызды мини-форматта берілген лимиттелген коллекциядағы* — Cityscape® парфюм суы және Forever Diamonds® парфюм суы –жолға алып жүретін спрейлерімен толықтырыңыз
*Саны шектеулі
Парфюм суын пульс нүктелеріне – мойынға, білекке, шынтақ иіліміне және тізенің артқы жағына себіңіз. Дененің осы учаскелері жылырақ келеді де, осы жылулық ашық сезімтал әсерді қамтамасыз етіп, хош иістің жақсы ашылуына көмектеседі.
Парфюм суының хош иісі күні бойы өзгеруі мүмкін, себебі түрлі қосындылары хош иістің терідегі әрбір кезеңінде басқаша ойнайды. Парфюмерлер әртүрлі кезеңді үш әдіспен анықтайды:
Жоғарғы ноталары: Осы ноталар сізді хош иіспен таныстырады және 15 минутқа созылуы мүмкін.
Ортаңғы ноталары: «Хош иістің жүрегі» ретінде де танымал ортаңғы ноталары жұпарды теріңізге сепкеннен кейін бірнеше минуттан соң ашылып, тарала бастайды. Олар жоғарғы ноталар басылғаннан кейін пайда болады және хош иістің әрекет ететін бүкіл уақытында сақталуы мүмкін.
Төменгі ноталары: Бұл ноталар соңғы әсер қалдырады және ең тұрақтысы болып келеді. Олар хош иісті сепкеннен кейін бірнеше сағаттан соң дыбыстала бастайды.