0Сіздің себетіңізде
XКірпіктеріңізді қызғаныш пәніне айналдырасыз – себебі олар қалың және көлемді болып көрінеді. Сирек қастарыңызға қалаулы түр бересіз – әдемі және табиғи. Ол үшін 30 күн бойы күн сайын кешке кірпікке және қасқа күтім жасауға бірнеше секунд уақыт бөлу керек. Сонда бүкіл әлем әйелдері айта бастаған нәтижені көресіз.
Mary Kay® Кірпік пен қасқа арналған нығайтушы сығынды олардың өсуіне ықпал етеді. Сынғыш кірпіктер жаңарады және қалыңдай түседі, макияжды кетірген кезде кірпіктердің түсуі азаяды. Қастар әдемірек көрінеді.
Нәзік, тез кебетін сығынды құрамында аминқышқылдары, пептидтер және қызыл жоңышқа экстракты бар Lash Response™ кешенімен үйлесімде өз әрекетін күшейте түседі. Зерттеулер көрсеткендей, құрал тері матриксіне* әсер етіп, шаш фолликуласын қоректендіреді, әрбір шаш үшін «якорь» ролін атқарады. Жіңішке және әлсіз кірпіктер мен қастардың сырт келбеті жақсара түседі. Кірпіктер сау болып көрінеді.
1. Сығындыны тазаланған кірпіктің және қастың кешкі күтімінен кейін пайдаланыңыз.
2. Құралды үстіңгі кірпіктің түбіне көздің ішкі бұрышынан сыртына қарай жаймалап жағыңыз.
3. Құралды қастың шаш жетіспейтін бөлігіне өсу бағытына қарай жағыңыз.
Кірпіктердің түсуіне және олардың өсуін баяулатуға әсер ететін көптеген зиянды факторлар бар:макияжды кетіретін құралдың қаттылығы, көзді жиі үйкелеу, кірпіктерді механикалық құралдардың көмегімен бұйралау және тіпті қартаю процесі де. Қастар да шектен тыс көп терудің немесе балауызбен кетірудің құрбаны болуы мүмкін. Mary Kay® Кірпік пен қасты нығайтуға арналған сығынды кірпіктер мен қастар проблемасының қарапайым шешімі болып табылады.
*Негізгі қосындыларын in-vitro көмегімен сынауға негізделген