0Сіздің себетіңізде
XTimeWise® Күңгірт түс беруші негіз — ғылым мен сұлулықтың тамаша үйлесімі. Жас ұлғаюына қарсы негіз мүлтіксіз түр жасауға көмектесіп қана қоймай, теріге күтім жасаудың жалғасы да бола алады. Бұл жай ғана бүркемелеуден де артығырақ – бұл жас ұлғаюына қарсы артықшылықтары бар түс беруші негіз. Ол сіздің сұлулығыңыз уақытқа тәуелсіз болу үшін қызмет етеді. TimeWise® Күңгірт түс беруші негіз бірегей, себебі ол сіздің теріңіздің типіне арналып жасалған. Тамаша және мүлтіксіз нәтиже алу үшін Mary Kay® Макияж астына жағылатын тегістеуші негізбен бірге пайдаланыңыз.
Түс беруші негізге арналған қылтаяқшамен, спонжбен немесе саусақпен жағуға болады. Қылтаяқшаны пайдаланған кезде, түс беруші негізді қолдың сырт жағына жағып алыңыз да, оған қылтаяқшаны батырып, негізді бетке төмен қарай бағытталған қимылдармен біртегіс етіп жағыңыз.
Арнайы микросфералар тері майын сіңіре және жылтырды қадағалай отырып, күні бойына жұмыс істейді. Құралдың құрамына майды сіңіріп алатын губка секілді әрекет етіп, теріге күңгірт түс беретін, ауыр макияж сезімінен арылтатын ультраұсақталған минералдар кіреді. Сонымен бірге оның құрамында Е витамині және теріні бір сәтте шымырландыратын, жас және сау түр беретін коллагенкүшейтуші пептидтердің патенттелген кешені бар.
Mary Kay® Түс беруші негізге арналған қылтаяқша құралдың қажет көлемін дәл жағу үшін арнайы әзірленген – оның қылшықтары тарылады, сондықтан сіз бүркемелеу дәрежесін жеңіл таңдап ала аласыз. Соңғы нәтиже – мүлтіксіз әсер.