Үгілмелі мөлдір опа Mary Kay®
Сіз бұл опаны жақсы көресіз!
Сенімді болыңыз, мүлде жаңа формуламен жасалған бұл опа сіздің теріңіздің түсіне жарасады! Мөлдір опаның сұлулығы осында.
Мөлдір опа – бұл кез келген терідегі майлы жылтырды қадағалау үшін сізге қажеттінің барлығы. Үгілмелі мөлдір опа түс беруші негізді бекітеді және теріге табиғи түр береді, сондай-ақ ол теріге тегістік пен жібектік беретін жарық шағылдырушы қасиетке ие.
Жеңіл формуласы терінің кез келген типіне, сонымен бірге сезімтал терілі адамдарға да сай келеді. Ол мөлдір, табиғи жылтыр береді және тері саңылаулары мен жіңішке сызықтарға жиналып қалмайды. Табиғи сұлулығыңызды айқындай түсу үшін оны өзіңіздің сүйікті Mary Kay® түс беруші негізіңіздің үстінен макияждың соңғы сызығы ретінде немесе жеке өзін жағыңыз.
БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Сіңіріп алатын қосындылар - бет терісінде майлы жылтырдың пайда болуын азайтады.
Жарық шағылдырғыш бөлшектер - бет терісінің ұсақ кемшіліктерін шағылдырады және жасырады.
В3 витамині – антиоксидант, терінің ерте қартаюына себеп болатын қоршаған ортаның кері әсерінің салдарын бейтараптандырады. Сондай- ақ осы қосынды теріні жұмсартатын қасиеттерге ие.