Back

TimeWise Repair™ Volu-Fill™ Терең ǝжiмдерге арналған крем-филлер

14 г

20 500 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Төлем

Терең әжімдерге арналған крем-филлер Timewise Repair™ Volu-Fill™ мимикалық қимылдар ізін қалдырған проблемалы учаскелерді көзге байқалатындай толтырып, тегістеу үшін жасалған: маңдайдағы,ерін және көз айналасындағы әжімдер, тіпті қиын берілетін қастың арасындағы, ауызды мұрыннан иекке дейін қоршап тұратын әжімдер мен сызықтар.

  • Мақсатты түрде бағытталған формула терең әжімдерді тез толтырады да,оларды уақыт өте келе азайтуға көмектеседі.
  • Әйелдердің 100%-ы әжімдердің көзге байқалу деңгейінің жақсарғанын атап көрсеткен.*
  • Әжімдердің әдетте пайда болатын алты жеріне байқалатындай әсер етеді.**
  • Терең әжімдер көзбе-көз тегістеледі.
  • Ретинол терең әжімдерге мақсатты түрде әсер етеді.
  • Шиыршықталмайды және түйіршіктелмейді. Сіңіп, байқалмай кетеді.

* Нәтижелер құралды 31 әйел таңертең және кешке жағып көрген 8 апталық тәуелсіз клиникалық зерттеу барысында алынған әжімдердің көзге байқалу деңгейі био-аспаптық өлшемін көрсетеді. Байқалу деңгейі көрінетін тереңдік, ұзындығы және терең әжімдердің саны болып белгіленеді.

**Нәтижелер құралды 45 әйел таңертең және кешке жағып көрген 8 апталық тәуелсіз клиникалық зерттеуден кейін тәуелсіз сарапшылардың тері жағдайының өзгерісін бағалауға негізделген.

Ұсынылатын бөлшек бағасы.


Формуласының ерекшелігі:

  • Сезімтал теріге де пайдалануға болады
  • Тітіркену және аллергияның пайда болуына клиникалық тестілеуден өткен
  • Дерматологтар мен офтальмологтар сынағынан өткен
  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ
  • Комедогенсіз,
  • Сезімтал көздер үшін және түйіспелі линза киетіндер үшін залалсыз

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

TimeWise Repair™ Volu-Fill™ Deep Wrinkle Filler

Енді терең әжімдер туралы уайымдауға себеп жоқ! TimeWise Repair™ Volu-Fill™ крем-филлер: маңдайдағы, ерін және көз айналасындағы әжімдер, тіпті қиын берілетін қастың арасындағы, ауыз мұрыннан иекке дейін қоршап тұратын әжімдер мен сызықтар - мимикалық қимылдар ізін қалдырған проблемалы учаскелерді көзге байқалатындай толтырып, тегістеу үшін жасалған. Бұл TimeWise Repair™ жас ұлғайына қарсы жүйеге тамаша қосымша болады.

Жағу туралы кеңестер

  • Ыңғайлы аппликатордың көмегімен кремді тікелей әжімдерге жағыңыз да, саусақтарыңыздың ұшымен қаққылау қимылдарымен мұқият жаймалаңыз.
  • Ылғалдандырушы кремді жағар алдында , бірнеше минут күте тұрыңыз.
  • Таңертең жағар алдында күтімді міндетті түрде SPF құралымен толықтырыңыз. Дегенмен күн сәулесінен күнделікті және тиімді қорғаныс тері күтімі бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылатындықтан, ол құрамында ретинолы бар құралды пайдаланғанда аса қажет.
  • Формуласы теріде із-түссіз «жоғалып кетуге» жасалған. Сондықтан ол терінің барлық түріне мінсіз сәйкес келеді – ең ашық түстен қоңырқайға дейін.

Негізгі қосындылары

Ретинол терең әжімдерге мақсатты түрде әсер етеді, уақыт ете келе олардың азаюына көмектеседі.

  • Ретинол жетекші дерматологтардың және сарапшылардың тері күтімі бойынша кеңінен ұсынған жас ұлғаюға қарсы тиімді қосынды болып табылады және оның тиімділігі көптеген зерттеулермен дәлелденген.
  • Ретинол жетекші дерматологтардың және сарапшылардың тері күтіміне кеңінен ұсынған жас ұлғаюға қарсы тиімді қосынды болып табылады, және оның тиімділігі көптеген зерттеулермен дәлелденген.
  • Volu-Fill™ Терең әжімдерге арналған крем-филлердің құрамындағы ретинол әжімдерге тікелей жағу сәтінен бұрын оның тиімділігін сақтауға көмектесетін микросфераларға салынған.
  • Сондай-ақ инкапсуляция ретинолдың біртіндеп босатылуын қамтамасыз етеді, бұл сезімтал теріге нәзік әсер етуге мүмкіндік береді.
  • Аппликатордың ыңғайлы ұшы ретинолдың формуласына әжімдерге мақсатты түрде әсер етуге көмектеседі, уақыт өте келе олардың пайда болуын азайтады. Инкапсуланған гиалурон қышқылы сондай-ақ ылдандырушы магнит ретінде әсер етеді, теріге ылғалдықты тартып, әжімдерді көзге байқалатындай тегістейді.

Құрал қалай жұмыс істейді?

TimeWise Repair™ жүйесінің құралдары көзге байқалатын көптеген қартаю белгілеріне әсер етіп жатқанда, TimeWise Repair™ Volu-Fill™ Терең әжімдерге арналған крем-филлердің терең әжімдерге айрықша көңіл бөлетін бір негізгі фокусы болады.

  • Крем-филлер терең әжімдерді бір сәтте толтырады. Инкапсуланған гиалурон қышқылы және иілгіш эластомерлер сіздің жас көрінуіңіз үшін және әжімдердің пайда болуын тиімді тегістеу үшін бірігіп жұмыс істейді.

    Инкапсуланған гиалурон қышқылы жаққан жердегі әжімдерде және сызықтарда қалып, бос орындарды толтырып, біркелкі тегіс бет жасайды.

    Иілгіш эластомерлер арнайы микроскопиялық талшықтардың көзге байқалатын әсер беруі үшін инкапсуланған гиалурон қышқылына арналған негізбен қамтамасыз етеді. Негізгі сөзі – «иілгіш», сондықтан сіз мимика немесе «қатып қалған бет» әсерінің пайда болуы туралы уайымдамасаңыз да болады
  • Құрал терең әжімдердің пайда болуын көзге байқалатындай тегістейді. Инкапсуланған гиалурон қышқылы теріге ылғалды сіңіріп, әжімдерді көзге байқалатындай азайтып ылғалдандырушы магнит ретінде әсер етеді. Ретинолтерең әжімдерге мақсатты түрде әсер етеді, уақыт өте келе олардың азаюына көмектеседі.

Терең әжімдерге арналған крем-филлерTimeWise Repair™ Volu-Fill™ ™ әжімдердің пайда болатын негізі алты аймағынан айтарлықтай әсер етеді.*

  • Маңдайдағы әжімдер
  • Қас аралығындағы әжімдер
  • «Қаз табандар»
  • Мұрын-ауыз қыртыстары
  • Ерін айналасындағы тік әжімдер
  • Марионетка сызықтары