Гель жылтыр ерін бояғыш Mary Kay®
Mary Kay® Гель жылтыр ерін бояғышты жасау үшін ерін терісін құрғатпайтын, тұрақты түс жасауға мүмкіндік беретін гельдік микросфералар технологиясы пайдаланылған. Кремний диоксидінің микросфералары ерінде түсті «бекітеді». Жеңіл гель формула тегіс жағылады, ерінді жұмсақ әрі шымыр етеді. Ерін бояғыштың қақпағындағы мөлдір шыны оның сөмкеде немесе косметика салғышта екеніне қарамастан, қажетті реңкті табуды оңайлатады.
Құрал қалай жұмыс істейді?
Түсі өзгеше және оңай жағылады: Ультражіңішке пигменттер ерін бояғышқа таңғажайып тегіс түс береді. Ерін бояғышты қанық түспен қамтамасыз етеді. Жартылай мөлдір гель осы жылтыр ерін бояғыштың негізі болып табылады, ерін бояғышты қанық түспен және тегіс жағылуын қамтамасыз етеді.
Тамаша тұрақтылық: Аса жіңішке кремний диоксиді пайдаланылатын “Cushion Matrix” инновациялық технологияның арқасында ерін бояғыш ұзақ сақталады.
Тегістеуші әсер: Ерін бояғыштың құрамындағы жарық сейілтетін бөлшектер еріндегі кедір-бұдырды және кемшіліктерді тегістейді.
Нәзік күтім: Еріннің нәзік терісі ылғалды тез жоғалтуға бейім. Гель жылтыр ерін бояғыш құрамында күнбағыс майы және жожоба майы секілді ерінді ылғалдандыратын пайдалы қосындылар бар.