Back

Тазалаушы гель Botanical Effects®

127 г

8 400 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Сарапшылардың кеңесі Төлем
Жас терінің кез келген типіне күтім жасауға арналған Botanical Effects® жаңартылған желісін қарсы алыңыздар!

Кокос жемістерінен алынған Botanical Effects® тазалаушы гельдің қосындылары артық май жылтырын кетіре отырып, теріні тиімді тазалайды.

  • Құрамында антиоксиданттарға бай драгон- жеміс бар, оның құрамына еркін радикалдармен және терінің ерте қартаюымен күресуге көмектесетін заттар кіреді.
  • Құрамында антиоксиданттардың әсерін күшейтуге көмектесетін алоэ экстракты бар.
  • Теріні тартпайды, әрі құрғатпайды, оны тегістейді және қанықтырады.
  • Құрал майсыздандырылған, тітіркену мен аллергиялық реакцияларға қарсы клиникалық сынақтардан өткен.

Құрамында антиоксиданттары бар қарапайым жуыну құралдарын іздеп жүрсіз бе? Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласыңыз да, Mary Kay ұсынған балғын және қолдануы оңай Botanical Effects® желісімен танысыңыз!

2016 жылдың 1 қазанынан бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары

Терінің кез келген типіне арналған тазалаушы гель Botanical Effects®

Botanical Effects® жүйесі құрамындағы қарапайым қосындылардың көмегімен теріңізді балғын, әрі сау етеді. Құрамында драгон-жеміс экстракты және мыңжылдық өсімдік ретінде танымал алоэ экстракты секілді құнды және пайдалы экстрактар молынан бар. Әрбір өнім – антиоксиданттардың нағыз қоймасы. Осы құралдар жүйесі, пайдалану соншалықты оңай болғандықтан, сіздің әдеттегі өмір ырғағыңызды баяулатпайды және кез келген күн тәртібіне қолайлы болады.

Тазалаушы гель Botanical Effects® жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі, өзін теріні терең тазалайтын, балғындық сезімін күні бойына қалдыратын құрал ретінде көрсетеді.

Өзіңіздің жеке теріге күтім жасау жоспарыңызды жасап, Botanical Effects® құралдарын араластырыңыз және үйлестіріңіз!

Жағу тәртібі

Таңертең

• Терінің кез келген типіне арналған Тазалаушы гель Botanical Effects®
• Сергітуші тоник Botanical Effects®
• Ылғалдандырушы гель немесе SPF 30 факторлы ылғалдандырушы лосьон Botanical Effects®

Кешке

• Терінің кез келген типіне арналған Тазалаушы құрал Botanical Effects®
• Сергітуші тоник Botanical Effects®
• Ылғалдандырушы гель Botanical Effects®

Теріге жеңіл уқалаушы қимылмен жағыңыз, көздің айланасына тигізбеңіз. Содан кейін сумен жақсылап шайып тастаңыз. Күніне екі рет пайдаланыңыз.

Негізгі қосындылары

Драгон-жеміс
  • Botanical Effects® желісінің әрбір өнімінің құрамына кіреді, құрамында еркін радикалдармен күресетін антиоксиданттар мол.
Сіз білесіз бе? Драгон-жеміс құрамында майлы қышқылдар мен В тобының бірқатар витаминдері, соның ішінде «анти-стресс» деп аталатын В1 витамині (тиамин), В2 (рибофлавин) және В3 (ниацин) бар. Драгон-жеміс темір, кальций және фосфор секілді минералдарға бай.

Алоэ
  • Алоэ жер бетіндегі ең қоректендіргіш өсімдіктердің бірі, оның құрамына 75-тен аса қоректендіргіш зат пен элемент, оған қоса 20 минерал және 12 витамин кіреді. Алоэ вера терінің ылғал теңдігін сақтау үшін пайдаланылады және құрамында тері күтіміне арналған аса танымал антиоксиданттардың бірі - Е витаминінің жоғары концентрациясы бар. Ол терінің клеткаларын жаңартуға және оның сау болып қалуына көмектеседі. Теріні жұмсартатын қабілеті үшін алоэны көбінесе «сиқыр өсімдік» деп атайды.