Back

Тері түсін тегістеуге арналған маска TimeWise®

85 г

8 600 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

​Бұл ылғалдандырушы қосындылармен толықтырылған маска теріге күтім жасайды және оны ақшыл және жарқын теріге айналдырады, оған жұмсақтық, тегістік және ылғалдық сезімін береді

  • Сезімтал тері үшін залалсыз
  • Тітіркену және аллергия пайда болуына қарсы клиникалық тексеруден өткен
  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ
  • Комедогенсіз (тері саңылауларын бітемейді)

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Тері түсін тегістеуге арналған маска TimeWise®

TimeWise® Бетке жарқын түс беретін масканың формуласы жұмсақ, ол теріге жұмсақтық және ылғалдық сезімін береді, сондай-ақ теріні ағартады және бір сәтте жарқын теріге айналдырады. Құрамындағы патентті күтіп тұрған ағартушы MelaCEP™ кешенінің арқасында өсімдіктекті қосындылармен толықтырылған бұл маска қосымша ағарту артықшылықтарымен қамтамасыз етеді және пайдаланған кезде жағымды әсер береді. Бұл жарқырата түсуді қажет ететін шаршаңқы, күліңгір тері үшін тамаша шешім.

 

  • Тазалаудан кейін масканы бет пен мойын терісіне саусақ ұштарымен орташа қалыңдықта біртегіс қабат етіп жағыңыз
  • Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін масканы теріде 10-15 минутқа қалдырыңыз
  • Құрамында ылғалдандырушы қосындылар көп болғандықтан, маска толық кеуіп кетпейді
  • Сумен шайып тастаңыз немесе жылы сумен ылғалдандырылған салфеткамен сүртіңіз
  • Көз және ауыз айналасындағы теріге жағуға болмайды
  • Сақтану шаралары:тітіркенген теріге жағуға болмайды

TimeWise® Бетке жарқын түс беретін масканың құрамында өсімдік экстрактары және айқын артықшылықтарға ие басқа да қосындылар бар. Формуланың өзегінде патентті күтіп тұрған MelaCEP™ ағартушы кешені жатыр, оның құрамына кіреді:

  • Сүт қышқылының ферменті — пигменттің шығарылуын азайтатын құрылымдарды алуға арналған, теріні қалпына келтіруші қосынды
  • Какаду өрігінің экстракты — құрамында С витамині өте мол шоғырланған жеміс. Мысалы, 100 г какаду өрігіндегі С витаминінің көлемі - – 3000 мг, ал апельсиннің сонша көлемінде – бар-жоғы 50 мг
  • Асафетида экстракты құрамында антиоксидантты ферул қышқылы болуымен танымал жерортатеңіздік өсімдіктен алынған, ол теріні ағартуға арналған құралдарда кеңінен қолданылады, оның бұл қасиеті көптеген ғасырлар бойы пайдаланылып келеді
  • Күнбағыс ұрығының экстракты — ультракүлгін әсерінен пайда болатын зақымданулардан қорғануға көмектесетін мықты антиоксидант. Күнбағыс ұрығының құрамында витаминдер мен минералдар көлемі мол, ал күнбағыс майында линол қышқылы, тері саулығын сақтап қалуда негізгі роль атқаратын омега-6 майлы қышқылы мол

Әрбір TimeWise® құралы терінің әр алуан қартаю белгілерімен күресу үшін арнайы әзірленген. Олар бір-бірінің жас ұлғаюына қарсы артықшылықтарын күшейту үшін кешенді күтім жасауға арналып әзірленген

  • TimeWise® Бетке жарқын түс беретін масканың құрамында патентті күтіп тұрған MelaCEP™ ағартушы кешені бар, ол қосымша ағартушы артықшылықтарға ие және пайдаланған кезде жағымды әсерлер сыйлайды
  • Нәзік формуласы теріге жұмсақтық және ылғалдық сезімін береді, құрамында өсімдік экстрактары және басқа тез арада ағартушы әсермен қамтамасыз ететін қосындылар бар – тері бір сәтте жарқырай түседі