Age Minimize 3D™ кешені Эксклюзивті, патент күтуші Age Minimize 3D™ кешені «Сиқырлы жиынтық» TimeWise 3D жүйесінің әрбір құралының құрамында бар. Кешен құрамына инкапсуляцияланған ресвератрол, қосарлы әсер ететін B3 витамині және жас ұлғаю белгілеріне қарсы әрекет ететін пептид кіреді.
Инкапсуляцияланған ресвератролРесвератрол – кемел теріге күтім жасаудағы нағыз сенсация. Оның көптеген артықшылықтары бар:
1. Теріні еркін радикалдардың әсерінен қорғайтын үш есе антиоксиданттық артықшылықпен қамтамасыз етеді. Ол мына қабілеттерді көрсетті:
• Еркін радикалдардың теріге теріс ықпал етуіне қарсы тұрады.*
• Табиғи антиоксиданттық қорғанысты күшейтеді
• Табиғи антиоксиданттармен үйлесімде әрекет етіп*, тері кедергісіне көмектеседі.
2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*
3. Теріні табиғи коллагенін сақтап, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтады.
• Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта бар, ол қоршаған ортаның стрессті факторларының әсерінен қорғайды.
• Кешенінің құрамында жапондық рейнутрия - табиғаттағы ең жоғары концентрациясының дереккөзінен алынған ресвератролдың тазаланған формасы бар.
• Ресвератрол инкапсуляцияланған, яғни, липидтер қабатының және судың арасына бекітілген. Теріге жаққанда әрбір қабаты баяу ериді де, жоғары белсенді қосындыны босатады.
B3 витамині• В3 витамині – В тобының суда еритін витамині, құрамында ниацин бар және өзінің тамаша ағартушы қабілетімен танымал.
• Ол теріде ала-құлалықтың пайда болуына мақсатты түрде әсер етеді.
• Сондай-ақ B3 витамині теріге еркін радикалдардан қосымша қорғанысты қамтамасыз етіп, антиоксидант ретінде қызмет етеді.
Жас ұлғаюына қарсы пептид• Пептид терінің жас түрін сақтауға көмектесетін өзара байланысқан төрт аминоқышқылдан тұрады.*
• Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін* сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді
* Негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген