Back

Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем Clear Proof®

29 г

5 000 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу
Нүктелі түрде әсер ететін кремнің табиғи өсімдік экстрактарымен байытылған формуласында безеулермен күресуге және оларды жоюға бағытталған 2% салицил қышқылы бар.
  • Бөртпелерге мақсатты түрде әсер етеді.
  • Тез сіңіп кетеді.
  • Майлы іздерді қалдырмайды.
Проблемалы теріге күтім жасауға арналған тиімді құралдар іздеп жүрсіз бе? «Мэри Кэй» компаниясында өнімді сатып алмас бұрын жағып көре аласыз. Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласыңыз да, тері күтімі, макияж және хош иістер туралы тегін кеңестер алыңыз.

2017 жылдың 16 сәуірінен бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

16 000 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем Clear Proof®

Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем Clear Proof® проблемалы теріге күтім жасау өнімдер желісінің бөлшегі болып табылады. Осы берілген құралды қоса, Clear Proof® жүйесінің бірнеше өнімдерінің құрамында акнеге қарсы күресетін маңызды қосындылардың бірі болып табылатын салицил қышқылы бар.

Жағу жөнінде кеңестер

1-қадам: Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал Clear Proof®
Жуынуға арналған тез көпіретін құрал тері майының артығын кетіреді. Оның құрамындағы 2% салицил қышқылы тері саңылауларына терең еніп, өлі клеткаларды кетіреді, сондай-ақ оны безеулерден құтқарады. Өсімдік экстрактарымен байытылған формуласы бетте балғындық сезімін қалдырады және теріні келесі кезеңге даярлайды.

2-қадам: Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска Clear Proof®
Аптасына екі немесе үш рет бар-жоғы 20 минут ішінде теріңіз таза, әрі сау көрінеді. Масканы көз айналасындағы теріден, немесе Т-аймақтан басқа бүкіл бетіңізге жағыңыз, 15-20 минутқа қалдырыңыз, содан кейін жылы сумен шайып тастаңыз. Маска құрамына кіретін ағаш көмір мен минерал балшық тері саңылауларын бітейтін кірді және артық майды сіңіріп алады, теріге қосымша күтімді қамтамасыз етеді. Нәтижесі айқын – беттің түсі балғын, әрі сау көрінеді және тері саңылаулары тарылады.

3-қадам: Проблемалы теріге арналған сығынды Clear Proof®
Жібек текстуралы жеңіл сығынды құрамында тыныштандыратын өсімдік қосындылары бар. 2% салицил қышқылы акнені кетіруге ықпал етеді, оларды кептіреді және жаңаларының пайда болуына кедергі жасайды. Сапалы формуласының арқасында құрал жеңіл жағылады және тез сіңіп кетеді. Өнімді Clear Proof® жүйесінің басқа құралдарымен пайдалану тері саңылауларын тарылтуға және майлы жылтырды бақылауға бағытталған жалпы әсерін күшейтеді.

4-қадам: Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем Clear Proof®
Табиғи экстрактармен байытылған формула құрамында акнемен күресуге және одан құтылуға бағытталған 2% салицил қышқылы бар. Осы аса тиімді крем тез сіңіп кетеді және май қалдықтарын қалдырмайды.

5-қадам: Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал Clear Proof®
Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құралды пайдалану кешенді тазалаудың соңғы сатысы болып табылады, себебі майлы тері қажетті ылғалдық мөлшерінен айырылуы мүмкін, сондықтан тері майының шығуына әкеледі. Оның жеңіл текстурасы және тез сіңіп кететін формуласы теріні тыныштандырады, жоғалған ылғалды қалпына келтіреді де, теңгерімді ылғалдықпен қамтамасыз етеді. Тері сау, күтім жасалған және тегіс көрінеді.

Тұтынушылардың тәуелсіз зерттеу шеңберінде* Clear Proof® Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құралды пайдаланған ерлер мен әйелдердің көпшілігі құралдың оң әсерін растады, тері де майлы жылтыр қалдырмайды және тері саңылауларын бітемейді.

*Нәтижелер зерттеуге қатысуға келіскен тұтынушылардың пайызын көрсетеді, оның барысында 189 қатысушы өнімді күнделікті пайдаланған.

Негізгі қосындылар

2% салицил қышқылы

Авокадо экстракты - витамин қосады, тері құрылымына қалпына келтіруші әсер береді, майлы жылтыр бөліну белсенділігін қысқартады.

А витамині - ұабынуға қарсы, ылғалдандырушы және жасартатын қасиетке ие. Жасартатын әсерге ие, терінің бедерін және түсін тегістейді.
  • Тазалаушы құрал, сығынды және нүктелі әсер түрде әсер ететін крем құрамына тері саңылауларын бітеп тастайтын өлі клеткалардың пайда болуына жол бермейтін 2% салицил қышқылы бар.
  • Құралдардың құрамында акнеге байланысты пайда болатын қызарулардың факторларын төмендететін канадалық иван-шай, теңіз аршагүлі және түйежапырақ тамыры экстрактары бар.
* in-vitro сынамаларына негізделген.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Clear Proof® Проблемалы теріге арналған жүйе – бұл құрамында акнеге қарсы күресетін маңызды қосындылардың бірі болып табылатын салицил қышқылы бар кешенді әдіс.

Жүйеге мынандай құралдар кіреді: Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал, Проблемалы теріге арналған сығынды және Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем. Құралдардың құрамындағы пайдалы қосындылар тері саңылауларына терең енеді, оны бітеп тастаған тері майының және кірлердің қалдығын босатады, теріні тазалайды және сау түр береді. Үш өнімнің барлығының құрамында акнеге байланысты пайда болатын қызарулардың факторларын төмендететін канадалық иван-шай, теңіз аршагүлі және түйежапырақ тамыры экстрактары бар.

Сондай-ақ жүйеге толық кешенді күтім жасау үшін бет терісіне арналған екі тиімді өнімді қосуға болады: Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал және Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска.

* in-vitro сынамаларына негізделген