Back

Макияж астына жағылатын SPF 15 факторлы тегістеуші негіз Mary Kay®

29 мл

9 500 ТГ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу

Бұл жеңіл гель біртегіс жағылады, терінің кемшіліктерін толтырады, оған күңгірт түс беріп, түс беруші негізді мінсіз жағуға тамаша негіз жасайды, оның қасиеттері мен тұрақтылығын жақсартады.

  • SPF 15 факторлы майсыздандырылған формуласы майды сіңіріп, жарықты шағылдыру арқылы жіңішке сызықтардың, әжімдердің және тері саңылауларының көзге көрінуін азайтуға көмектесетін минералдармен байытылған.
  • Терінің барлық типтеріне арналған, сезімтал тері үшін залалсыз.
  • Құрамында хош иісті қосындылары жоқ, дерматологтардың тексеруінен өткен, комедогенсіз.
  • Жеке пайдаланған кезде де теріні мынадай артықшылықтармен қамтамасыз етеді: тері текстурасын тегістеуге және сырт келбетін жақсартуға көмектеседі.
  • Кез келген Mary Kay® Түс беруші құралымен бірге пайдалануға болады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

4 000 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Макияж астына жағылатын SPF 15 факторлы тегістеуші негіз Mary Kay®

Макияж астына жағылатын негіз ұзақ уақыт бойы кәсіби визажистердің модельдер мен атақтылардың терісін мүлтіксіз етуге арналған құпия «қаруы» болып келді. Mary Kay® Макияж астына жағылатын, SPF 15 факторлы тегістеуші негіз түс беруші негіздің қасиеттерін жақсарта, оны тұрақтырақ ете отырып, терінің сырт келбетін жақсартады. Осы құралды пайдаланып көрген бірқатар әйелдер Mary Kay® Макияж астына жағылатын тегістеуші негіз терінің мүлтіксіз түрін тоғыз сағаттан астам уақыт ішінде сақтап тұратынына сенімді.

ПАЙДАЛАНУ:

Негізді теріге күтім жасаудың соңғы сатысынан кейін бетке толығымен жағып, саусақ ұштарымен мұқият жаймалаңыз, осылайша түс беруші құралды жағуға тамаша негіз жасайсыз.

БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:

Жарық шағылдыратын минерал бөліктер - терінің тегіс көрінуіне, жарықтың шағылдыру есебінен терінің кемшіліктерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.ерінің кемшіліктерін көрнекі шашыратады.

Диметикон - құралдың жібектей құрылымын қамтамасыз етеді. Теріге күтім жасайды және опа негізінің жеңіл жағылуына ықпал етеді.

Күннен қорғайтын сүзгілері - UVA және UVB сәулелерінің кең спектрлі әсерінен қорғайды.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Формуланың құрамында кварц, минералды оптикалық диффузор бар. Ол терінің көзге көрінер кемшіліктерін азайта отырып, оның тегісірек көрінуіне көмектеседі. Сонымен бірге теріні қалпына келтіруші қосындылар түс беруші негізді біртегіс етіп жағуға көмектеседі, ал құралдың формуласы макияждың ұзақ уақыт сақталуына ықпал етеді.