Нәзік перламутр скраб құрамында қабыршақты кетіруші сфералық заттар бар, олар теріңізді күтімнің келесі сатысына дайындау үшін терідегі өлі клеткаларды кетіруге және тері саңылауларын тазалауға көмектеседі. Скрабты пайдаланғаннан кейін тері жұмсақ әрі тегіс көрінеді, ол теріні құрғатпай, тереңдете тазалайды.
Скрабты жағар алдында бетіңізді жылы сумен шайыңыз, бұл тері саңылауларын ашып, теріні эксфолиацияға дайындайды. Бұл скрабқа теріден өлі клеткаларды тиімді кетіруге көмектеседі.
Скрабты жұмсақ айналма қимылмен жағыңыз. Проблемасы бар немесе маңдай, мұрын және иек сияқты майлылығы жоғары жерлерге баса назар аударыңыз.
Скрабты көз айналасына жақпаңыз, өйткені бұл жердегі тері жұқа әрі сезімтал болады.
Скрабпен массаж жасағанда, теріні тітіркендірмеу үшін қатты уқаламаңыз. Скрабқа жұмыстың көп бөлігін істеуге мүмкіндік беріңіз.
Скрабпен массаж жасағаннан кейін теріден өлі клеткаларды және өнімнің қалдығын кетіру үшін жылы сумен жақсылап шайып тастаңыз.
Терінің тітіркенуіне жол бермеу үшін Қабыршақты кетіруші скрабты аптасына 1-2 реттен артық пайдаланбаңыз, әсіресе сезімтал теріге.
Скрабты пайдаланғаннан кейін құрғап кетуіне жол бермеу және оңтайлы ылғалдандыруды қамтамасыз ету үшін Ылғадандырушы крем және/немесе Бетке арналған сығынды жағып, теріңізді ылғалдандырыңыз.
Құрамына глицерин кіреді, осы маңызды компонент теріні ылғалдандырады, жұмсартады және қорғайды.
Барлық тері типі, сезімтал терінің де ерекшеліктерін ескере отырып жасаған.