0Сіздің себетіңізде
XTimeWise® «1-де 3» тазалаушы құралы TimeWise® «Сиқырлы жиынтықтың» — тіпті сезімтал және розацеалы* терілі адамдарды да үздік нәтижемен қамтамасыз ету үшін тері күтіміндегі жаңаша әзірлемелер үйлестірілген жас ұлғаюына қарсы құралдардың премиум-коллекциясының бір бөлігі болып табылады. «Сиқырлы жиынтық» жас ұлғаюына қарсы 11 артықшылық береді:тазалайды, қабыршақты кетіреді, сергітеді, тегістейді, ылғалдандырады, тартады, жұмсартады, қорғайды, энергиямен байытады, қалпына келтіреді және тері жасырақ көріну үшін жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтады.
*TimeWise® «Сиқырлы жиынтық» розацеаға арналған дәрі-дәрмек болып табылмайды және оны емдемейді, бірақ ол терісі суперсезімтал адамдардың пайдалануына болатын тері күтіміне арналған кешен болып табылады
TimeWise® «1-де 3» тазалаушы құралын бет пен мойынның ылғал терісіне жағыңыз. Көз айналасына тигізбеңіз. Сумен шайып тастаңыз немесе жылы сумен дымқылданған салфеткамен сүртіңіз. Таңертең және кешке пайдаланыңыз немесе теріңізді сергіту қажет болған кез келген уақытта пайдалануға болады.
Қабыршақтан жұмсақ тазалаушы түйіршіктер терінің өлі қабыршақтарын эксфолиация арқылы кетіреді.
*АҚШ патенті № 6,495,126 және басқа күтілетін патенттер.
Әрбір TimeWise® құралы терінің әр алуан қартаю белгілерімен күресу үшін арнайы әзірленген. Олар бір-бірінің жас ұлғаюына қарсы артықшылықтарын күшейту үшін кешенді күтім жасауға арналып әзірленген.