Қолға арналған қоректендіруші крем Satin Hands® «Нәрлі анар» қол терісін жібектей тегіс етеді, құрғақтықты кетіреді және қол терісін жасартады. Тұрақты пайдаланған жағдайда өнім тырнаққа және сірқабыққа қажетті күтімді қамтамасыз етеді. Жабысқақтық сезім қаджырмайды. тез сіңіп кетеді. Қол терісін шымыр етіп, табиғи қорғаныспен қамтамасыз етеді.
Ши майы
Ши ағашы Батыс Африканың саваннасында өседі. Ағаштың биіктігі 18 метрден асады, ол бірнеше жүздеген жылдар бойы өседі. Дәл осы жерде, осы ежелгі шөл арасында жергілікті әйелдер ши ағашының жаңғағын тереді, содан кейін ұсақтайды және қуырады, нәтижесінде қымбат жұмсартушы ши майын жасайды. Май теріні қорғауға, байытуға және жұмсартуға қабілетті ингредиенттер ретінде жүздеген жылдар бойы пайдаланып келеді.
Ши майының құрамында терінің ылғал теңгерімін сақтауға көмектесетін Омега-3 бар, ол өз кезегінде терінің қартаюын алдын алады.
"Нәрлі анар" хош иісі бар Satin Hands® жүйесіне кіретін Қолға арналған скраб құрамында:
Скрабтаушы бөліктер – тері бетінен мүйізденіп кеткен клеткалардың қабатын нәзік кетіреді.
Ши майы – теріні тамаша тыныштандырады және жұмсартады, сондай-ақ терінің созылмалығын арттырады.
Жожоба эфирі – жақсы жұмсартады және ылғалдандырады. Табиғи тері майын толықтырады, теріні сергітеді және тыныштандырады.