Back

Массаж жасайтын ауыстырмалы қондырғы Skinvigorate Sonic™

11 800 ТГ

Бұл өнім жоқ

Бетке арналған массаждың артықшылығын сығындыңызға қосып, әсерін күшейтіңіз. Массаж жасайтын қондырғыны және тері күтіміне арналған Skinvigorate Sonic™ жүйесін пайдаланғанда, 2 минуттық сеанс ішінде бетке және мойынға 24 000 ультрадыбыстық микромассаж жасалады. Нәтижесі ме? Бет және мойын терісі тонус пен жас түрге иеленіп, шымырлана түседі, ал жіңішке сызықтар жұмсарады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

75 200 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Құрал қалай жұмыс істейді
  • Артықшылықтары
Бетіңізде 43 бұлшық ет бар, олар 20-дан аса мимикалық түр көрсетуге қабілетті. Бұл Mary Kay® ұсынған сығындыңызды массаж жасайтын ауыстырмалы қондырғымен толықтыруға 43 себеп болады және теріңізге айрықша көңіл сыйлайды. Сығындының ультрадыбыстық микроциркуляциямен үйлескенде беретін артықшылықтары қайталанбас жайлылық сезімін жасайды және мұның барлығы сіздің үйіңізде болады.

МаңыздыҚұрылғыны проблемалы теріге арналған құралдармен және күннен қорғаушы құралдармен пайдалануға болмайды.

1. Таңдаған сығындыны немесе кремді бетке және мойынға жағыңыз.
2. Құралдың сіңіп кетуіне және бет терісін босаңсыту үшін құрылғының және массаж жасауға арналған қондырғының көмегімен тері уқалаңыз.
Массаж жасайтын қондырғы орнатылған құрылғыны пайдаланғаннан кейін төрт әйелдің үшеуі сығындыны қолмен жаққанға қарағанда, массаж жасайтын қондырғымен пайдалануды таңдады. Қондырғы сығындының жақсы сіңіп кетуіне көмектесті, теріге сергектік сезімін және мол энергия берді.



Төрт әйелдің үшеуі массаж қондырғысын пайдалану олардың күнделікті күтіміндегі жақсы көретін сәтке айналғанын және оның мини-spa секілді әсер ететінімен келісті.3



3Нәтижелері төрт апталық зерттеу барсында пікірлермен келіскендерден алынды. Зерттеу барысында 208 әйел тері күтіміне арналған Skinvigorate Sonic™ жүйесін және өздеріне ұнайтын сығындыларды Skinvigorate Sonic™ ауыстырмалы тазалаушы қондырғымен бірге күніне екі рет екі минут бойы пайдаланды.
Массаж теріге оттегі мен қоректендіруші қосындыларды жеткізіп, микроциркуляцияны күшейтуге ықпал ететіні мәлім. Skinvigorate Sonic™ массаж жасайтын ауыстырмалы қондырғыны пайдаланған әйелдер жіңішке сызықтар жұмсарғанын растады. Бет терісі созылмалы бола түсті, тері жаңарып, балғын болды. Күнделікті пайдаланған жағдайда тері сау, әрі тартыңқы көрінеді.

Ерекшеліктері:

· Беттің бұлшық етінің кернелуін босатады және стресті азайтуға көмектеседі

· Сығындыны күн сайын пайдалануға ынталандырады

· Беттің ісіңкілігін азайтады

· Тері жас және жылтыр көрінеді

· Бет және мойны терісі тартыңқы, әрі сергек болады