0Сіздің себетіңізде
XTimeWise® Жылтыр түс беруші негіз — ғылым мен сұлулықтың тамаша үйлесімі. Жас ұлғаюына қарсы негіз мүлтіксіз түр жасауға көмектесіп қана қоймай, теріге күтім жасаудың жалғасы да бола алады. Бұл жай ғана бүркемелеуден де артығырақ – бұл жас ұлғаюына қарсы артықшылықтары бар түс беруші негіз. Ол сіздің сұлулығыңыз уақытқа тәуелсіз болу үшін қызмет етеді. TimeWise Жылтыр түс беруші негіз бірегей, себебі ол сіздің теріңіздің типіне арналып жасалған. Тамаша және мүлтіксіз нәтиже алу үшін Mary Kay® Макияж астына жағылатын тегістеуші негізбен бірге пайдаланыңыз.
Түс беруші негізге арналған қылтаяқшамен, спонжбен немесе саусақпен жағуға болады. Қылтаяқшаны пайдаланған кезде, түс беруші негізді қолдың сырт жағына жағып алыңыз да, оған қылтаяқшаны батырып, негізді бетке төмен қарай бағытталған қимылдармен біртегіс етіп жағыңыз.
Құралдың құрамына теріге күтім жасайтын, ылғалдандыратын жожоба және теріні ағартып, оған жарқын түр беретін жарық шағылдырушы минералдар кіреді. Сонымен бірге оның құрамында Е витамині және теріні бір сәтте шымырландыратын, жас және сау түр беретін коллагенкүшейтуші пептидтердің патенттелген кешені бар.