Жиынтық 5 позициядан тұрады:
-Тазалаушы көбік TimeWise Repair™ Volu-Firm™
-Белсенді лифтинг-сығынды TimeWise Repair® Volu-Firm®
-SPF 30 факторлы Күндізгі крем TimeWise Repair® Volu-Firm®
-Ретинолды түнгі крем TimeWise Repair™ Volu-Firm™
-Көз айналасындағы теріге арналған жаңартушы крем TimeWise Repair™ Volu-Firm™
Тазалаушы көбік TimeWise Repair™ Volu-Firm™
Тері кедергісін сақтауға көмектеседі. Көбік терідегі тері саңылауларына жиналып қалып, тері жарқылын азайтатын мүйізденген қабыршықтарды кетіруге көмектеседі. Тері бетінен қабыршықтарды кетірген кезде, балғын, жас клеткалар тері бетіне шығады. Бұл тері кедергісін – терінің сыртқы қабаттары әлсірей бастаған қартайған тері үшін маңызды артықшылықты сақтап қалуға көмектеседі.
Белсенді лифтинг-сығынды TimeWise Repair® Volu-Firm®
Белсенді лифтинг-сығынды Volu-Firm®
· тері контуры тартыңқы көрінеді
· терінің тығыздығы мен шымырлығын арттырады
· терең әжімдерді азайтады және коллаген, эластин және гиалурон қышқылын ынталандырып, теріні ішінен қалпына келтіреді.
SPF 30 факторлы Күндізгі крем TimeWise Repair® Volu-Firm®
Volu-Firm™ эксклюзивті комплексін қамтитын SPF 30 факторлы TimeWise Repair™ Volu-Firm™ күндізгі кремі теріні UVA/UVB ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғауға көмектеседі. Ол қара дақтардың пайда болуына әкелетін процесті азайтуға, терінің сыртқы қоздырғыштарға реакциясын төмендетуге және терінің қартаюын жеделдетуге, коллаген мен эластинді қатты әрі икемсіз ететін гликирленуге қарсы тұруға ықпал етеді.
Ретинолды түнгі крем TimeWise Repair™ Volu-Firm™
Жарқылдаған жас теріні босата отырып, клеткалардың жаңаруын жылдамдатуға көмектеседі. Терінің тұтастығын қорғап қалуға көсектеседі**. Ретинол коллаген мен эластин шығаруға ықпал етуге қабілетті, терінің оянуына және потенциалын ашуға мүмкіндік бере отырып, клеткалы коммуникацияларға себепші бола алады.
Гликирленуді және оның соңғы өнімдерінің пайда болуын азайтуға көмектеседі. Гликирлену - қанттың артық молекулалары терінің коллаген және эластин секілді ақуыздарына гликирленудің соңғы өнімдерін пайда болдырта отырып шабуылдағанда түзілетін химиялық реакция. Тері қартая келе, бұл процесс шапшаңдай түседі де, кемел терінің қартаю белгілері болып саналатын тері салбырауына, босаңсуына және көзге байқалатын әжімдердің пайда болуына әкеледі. Құрамында гликирленуді* азайтуға көмектесетін анар мен даршын (корица) экстрактары бар.
Ылғалдың қажетті маңызды деңгейін толтыруға көмектеседі*. Құрамында терідегі аквапорин 3 деңгейін көбейтетін жасыл теңіз балдырының экстракты бар. Аквапорин – терінің ылғалдануына мүмкіндік туғызатын судың қажет жағына жүруіне көмектесетін канал жасайтын ақуыз. Аквапорин 3 – суды ғана емес, сонымен бірге ылғалды байланыстыруға қабілетті глицеролды да таситын аквопорин түрі. Айтылғанға қосымша, биофизикалық тестілеу көрсеткендей, сығындыны жаққаннан кейін терінің ылғалдығы сол сәтте үш есе артады да, терінің қартаюына байланысты құрғақтықты жоюға көмектеседі.
Пигменттің пайда болуына әсерін тигізетін энзимдердің белсенділігін азайтуға көмектеседі. Құрамында қара дақтар мен пигментацияның пайда болуына әкелетін меланин шығаруға жауап беретін энзимнің - тирозиназаның белсенділігін азайтуға көмектесетін қызылмия экстракты бар.
* in-vitro сынауға негізделген
** Жарияланған ғылыми ақпаратқа негізделген
Көз айналасындағы теріге арналған жаңартушы крем TimeWise Repair™ Volu-Firm™
Құрамына тиімділікті күшейтетін сұйық кристаллды жеткізу жүйесін енгізеді. Формулаға тері бетімен үйлесімдірек болуға көмектесе алатын, сұйық кристаллдар тері кедергілерімен физикалық жағынан ұқсас. Жеткізудің инновациялық жүйесі тері кедергілерін ұстап тұруға көмектеседі.
Терең әжімдердің, сызықтардың және терінің салбырауының пайда болуымен күреседі. Жас ұлғаюына байланысты тері тығыздығын, созылмалылығын және шымырлығын жоғалтады, бұл әжімдерге және терінің салбырауына әкеледі. Формуланың құрамында коллаген* өндіруге көмектесетін және терінің матриксін нығайтып, эластинді* деградацияланудан қорғайтын қосындылары бар.
Көз астындағы күлдіреумен, ісіңкілікпен және қара дақтармен күреседі. Формуланың құрамында меланин өндіріп шығаруды азайтуға, артық сұйықтықтарды шығаруға ықпал етуге және терінің тітіркенуін* болдыратын факторларды ықшамдауға көмектесетін ерекше қосындылары бар (көптеген өсімдік экстрактары, антиоксиданттар мен пептидтер).
Терінің босаңсуымен және құрғақтығымен күреседі. Құрамында терінің қартаюын баялаутатын және тері липидтерінің* табиғи мөлшерін толтырып, ылғал кедергісін сақтауға және ұзақмерзімді ылғалдықпен қамтамасыз етуге көмектесетін гиалурон қышқылын өндіруге мүмкіндік туғызатын қосындылары бар.