Көзден макияжды кетіруге арналған майсыздандырылған құрал Mary Kay®
Сүйікті өнімдеріңізді жаңа дизайнда, жаңартылған формуламен ұсынамыз. Жаңа жақсартылған формуласы ең тұрақты макияжды бұрынғыдан да жұмсақ кетіреді. Құралдың құтысы мен қақпағы 50% қайталама материалдан (PCR) жасалған, бұл Mary Kay компаниясының өнімдерді экологиялық қаптамада жасау адалдығын білдіреді.
Көзден макияжды кетіретін құралды пайдалану не үшін маңызды?
Көзден макияжды кетіруге арналған арнайы құралды пайдалану көз айналасындағы теріге арналған күнделікті күтімнің маңызды бөлшегі болып табылады. Көз айналасындағы тері өте жұқа және сезімтал, сондықтан беттің басқа терісіне қарағанда, өте жұмсақ күтімді талап етеді. Көзден кетірілмеген макияж тері саңылауларын бітеп тастайды, көз айналасындағы теріде безеу, әжім және де басқа проблемалар пайда болады. Ал сабын немесе тазалаушы гель пайдалану жағымсыз болып, терінің тітіркенуіне, құрғап кетуіне және басқа да проблемаларға әкелуі мүмкін.
Өнімнің негізгі артықшылықтары
- Терінің барлық типіне арналған
- Жеңіл екі фазалы формула.
- Көзден макияжды, сонымен қатар суға төзімді макияжды да жұмсақ әрі тиімді кетіреді.
- Көз айналасындағы нәзік теріні тыныштандырады және ылғалдандырады.
- Теріде майлылық және құрғақтық сезімін қалдырмайды.
- Түйіспелі линза тағатындар үшін де, терісі сезімтал адамдар да пайдалануға болады
- Бөтелкесі мен қақпағы 50% қайта өңделген материалдан (PCR) жасалған
- Өнім офтальмологтар мен дерматологтар тестілеуінен өткен.
ПАЙДАЛАНУ
МАҢЫЗДЫ! Макияжды кетіру (демакияж) – бұл теріні негізгі тазалау сатысына дейінгі алдын ала кезең.
1. Құтыны мұқият шайқаңыз, су және майлы текстурасын араластырыңыз.
2. Сұйықтықпен мақта дискісін сулап алыңыз, құрал косметиканы жұмсақ еріте бастағанша, көзіңізді жұмып, кірпігіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз. Макияж толық кеткенше жылжымалы қабақтан бастап, кірпіктің өсу сызығымен төменге қарай сүртіңіз.
3. Теріні мицелляр суымен, содан кейін жуынуға арналған тазалаушы құралмен тазалау кезеңіне өтіңіз.
Е витамині тері жағдайын жақсартуға көмектеседі, оның қартаюын тоқтатады және қоршаған ортаның залалды әсерінен қорғайды.
Polyaquaternium-78, теріні ылғалдандырады және ылғалдан айырылудан қорғайды.
Sodium coco PG-dimonium chloride phosphate, көз айналасындағы теріні жұмсартуға және тыныштандыруға көмектеседі.
Осы Көзден макияжды кетіруге арналған құрал екі түрлі фаза бірлесіп, тиімді тазалаушы әсер жасайды. Бірінші фаза құрамында макияжды, сонымен қатар суға шыдамды макияжды да ерітіп, кетіруге көмектесетін май бар. Екінші фазасы - ылғалдандырушы және тыныштандырушы қосындылар, олар көз айналасындағы теріні жұмсартуға және тітіркенуден, құрғақтықтан қорғауға көмектеседі.