0Сіздің себетіңізде
XТушьтың формуласы мен жаңа щеткасы сіз кірпіктеріңізге «жақсы көретініңізді» көрсету үшін арнайы әзірленген! Икемді, мүсінді щеткасы кірпіктерді бөледі және тіпті ең жіңішке және қысқа кірпіктердің өзін бояйды, осылайша олардың көлемі бір сәтте ұлғаяды. Құрамында Panthenol-Pro™ бірегей кешені және Е витамині бар тұрақты формуласы, суға шыдамды формуласын қоса алғанда, кірпіктерді ылғалдандыруға, нығайтуға және олардың жағдайын жақсартуға көмектеседі. Сіз «Бізге тезірек қара! Біз – тамашамыз!» деп тұрғандай кірпіктерге ие боласыз.
Икемді, мүсінді щетка. Қылтаяқша ең жіңішке және қысқа кірпіктерді бояйды. Оның мүсінді дизайны (ұшын және қысқа тісшелер) тушьты кірпік ұзындығына толық жағуға мүмкіндік береді. Қысқа тісшелер тушьтың қажетті көлемін жағуға көмектессе, ұзын тісшелер кірпіктерді мұқият тарайды. Қылтаяқшаның дизайны түйіршіктерден аулақ болу үшін арнайы әзірленген.
Кірпіктерді ылғалдандырудың бірегей кешені. Бірегей Pro-Panthenol™ кешені екі қосындыдан тұрады – провитамин В5 (пантенол) және фитантриол, олар шашқа күтім жасау индустриясында жиі пайдаланылады.
Формуланың құрамында, сондай-ақ, өзінің қалпына келтіруші қасиеттерімен танымал Е витамині бар.