Back

«Сиқырлы жиынтық» ТimeWise® 3D™ SPF 30 факторлы

аралас/майлы теріге арналған (для комбинированной/жирной кожи)

46 000 ТГ

Бұл өнім жоқ

«Сиқырлы жиынтық» TimeWise® 3D™ терінің қартаюын жылдамдататын еркін радикалдардың әсерінен қорғайды, мерзімінен бұрын қартаю белгілерінің пайда болуынан сақтандырады, бар-жоғы 4 апта ішінде тері қалпын жақсартады. Осы көпфакторлы үш өлшемді әдіс терінің қартаюын азайтуға көмектеседі.

Жиынтыққа кіреді:

· «1-де 4» Тазалаушы құрал TimeWise® Age Minimize 3D®
· SPF 30 факторлы күндізгі крем TimeWise® Age Minimize 3D®
· Түнгі крем TimeWise® Age Minimize 3D®
· Көз айналасындағы теріге арналған крем TimeWise® Age Minimize 3D®

Әрбір құралдың құрамында Age Minimize 3D® кешені бар, оған инкапсуляцияланған ресвератрол, B3 витамині және жас ұлғаюына қарсы пептид кіреді.

Қалыпты/құрғақ немесе аралас/майлы теріге арналған формуланы таңдаңыз.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Негізгі қосындылары
Негізгі қосындылары
Age Minimize 3D™ кешені
Эксклюзивті, патент күтуші Age Minimize 3D™ кешені «Сиқырлы жиынтық» TimeWise 3D жүйесінің әрбір құралының құрамында бар. Кешен құрамына инкапсуляцияланған ресвератрол, қосарлы әсер ететін B3 витамині және жас ұлғаю белгілеріне қарсы әрекет ететін пептид кіреді.

Инкапсуляцияланған ресвератрол

Ресвератрол – кемел теріге күтім жасаудағы нағыз сенсация. Оның көптеген артықшылықтары бар:

1. Теріні еркін радикалдардың әсерінен қорғайтын үш есе антиоксиданттық артықшылықпен қамтамасыз етеді. Ол мына қабілеттерді көрсетті:

•       Еркін радикалдардың теріге теріс ықпал етуіне қарсы тұрады.*
•       Табиғи антиоксиданттық қорғанысты күшейтеді
•       Табиғи антиоксиданттармен үйлесімде әрекет етіп*, тері кедергісіне көмектеседі.

2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*

3. Теріні табиғи коллагенін сақтап, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтады.

•       Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта бар, ол қоршаған ортаның стрессті факторларының әсерінен қорғайды.
•       Кешенінің құрамында жапондық рейнутрия - табиғаттағы ең жоғары концентрациясының дереккөзінен алынған ресвератролдың тазаланған формасы бар.
•       Ресвератрол инкапсуляцияланған, яғни, липидтер қабатының және судың арасына бекітілген. Теріге жаққанда әрбір қабаты баяу ериді де,  жоғары белсенді қосындыны босатады.

B3 витамині

•       В3 витамині – В тобының суда еритін витамині, құрамында ниацин бар және өзінің тамаша ағартушы қабілетімен танымал.
•       Ол теріде ала-құлалықтың пайда болуына мақсатты түрде әсер етеді. 
•       Сондай-ақ B3 витамині теріге еркін радикалдардан қосымша қорғанысты қамтамасыз етіп, антиоксидант ретінде қызмет етеді.


Жас ұлғаюына қарсы пептид

•       Пептид терінің жас түрін сақтауға көмектесетін өзара байланысқан төрт аминоқышқылдан тұрады.*
•       Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін* сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді

* Негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген