Back

Сығынды Ретинол 0,5 Clinical Solutions

29 МЛ

35 000 ТГ

Себетке қосу
РЕТИНОЛ – А витаминінің биологиялық белсенді формасы. Бұл кішкентай мөлшердегі липофильді форма терінің мүйізденіп кеткен қабаты арқылы оңай өтеді де, майлы-түкті фолликуларға дейін жетеді. Көптеген дерматологтар ретинолды көзге байқалатын қартаю белгілерін болдырмауға және кетіруге арналған «алтын стандарт» деп есептейді.

Тері күтіміне 0,5% клиникалық тиімді концентрациялы таза ретинолды енгізу – кешкі күтіміңізді күшейтуге арналған тамаша әдіс. Бірақ мынаны естен шығармау керек, ол сіздің күнделікті күтіміңіздегі витаминдер, минералдар және пептидтер орнын толтыра алмайды.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

22 300 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Артықшылықтар
1 ЖӘНЕ 2 АПТА
Ретинолдың бір мөлшерін (бір бұршақтай) аптасына 1 рет, міндетті түрде Бетке арналған сүтшемен араластырып жағу керек. Retinol 0.5 құралын бірінші рет пайдаланарда, Бетке арналған сүтшені терідегі тітіркену, құрғап кету және қабыршақтану сезімдерін ықшамдау үшін қажеттілігіне қарай жағыңыз.



3 және 4 АПТА
Ретинолдың бір мөлшерін (бір бұршақтай) аптасына 1 рет, соңынан Бетке арналған сүтше жағыңыз.


5 және 6 АПТА

Ретинолдың бір мөлшерін (бір бұршақтай) аптасына 2 рет, қажет болған жағдайда, соңынан Бетке арналған сүтше жағыңыз.


7 және 8 АПТА

Ретинолдың бір мөлшерін (бір бұршақтай) аптасына 3-5 рет, қажет болған жағдайда, соңынан Бетке арналған сүтше жағыңыз.
- Таза ретинол (А витамині туындысы) 0,5% тиімді концентрациясы ұсақ әжімдерді тегістейді және азайтады, теріні ылғалдандырады, шымырлығын және созылмалығын арттырады, тері саңылауларын тарылтады.

- Арган майы теріні ылғалдандырады, қоректендіреді, жұмсартады және тегістейді, теріні еркін радикалдардан жақсы қорғайды.

- Акмелла экстракты мимикалық бұлшық етті қысқарту амплитудасын азайтады да, коллаген талшықтарының фибробластармен байланысын нығайтады.

- Тұт ағашы экстракты теріні ағартады, меланин өндіруді ретке келтіреді.
Сегіз апталық тәуелсіз клиникалық зерттеу барысында Ретинол 0,5 патенттелген формуласы терінің сыртқы түрін жақсартатыны, әжімдерді азйтатыны, түсін тегістейтіні және шымырлығын жақсартатыны дәлелденген. Осымен бітпейді.
Әйелдердің 100%-ы терісі тегіс, әрі жарқырай түскенін байқаған.*
Тері тегістігі 100%-ға жақсарған*
Тері жарқылы 400%-ға артқан*
«Ретинол тері жастығының негізі болып табылады. Клиникалық зерттеулердің үш онжылдығы оның тиімділігін көрсетеді».

*Нәтижелері клиникалық зерттеуге негізделген, онда әйелдер 0,5 ретинолды алғашқы 2 аптада күнара пайдаланды, содан кейін 3-8 апта ішінде күнде кешкісін пайдаланды.