Ерін күтіміне арналған жүйе Satin Lips® "Ақ шай және цитрус"
Жүйені тұрақты пайдалану ерін терісін жұмсартады, тегістейді және шымыр етеді, ұсақ әжімдердің пайда болуынан сақтандырады.
Бірінші сатыда ерінге қант скрабын жағу ұсынылады. Ол терінің үстіңгі қабатындағы мүйізденіп кеткен клеткаларды кетіреді, содан кейін тері балғын және жаңа болып көрінеді. Екінші сатыда ылғалдандырушы құралды – ерінге арналған бальзамды пайдаланыңыз.
Ерінге арналған, ши майы қосылған «Ақ шай және цитрус» қант скрабы ұсақ қант түйіршіктері бар біркелкі кремтекстес негізге ие, ол ерін терісінің мүйізденіп кеткен қабыршақтарын жұмсақ кетіреді. Скраб ерін терісін тегістейді, текстурасын жақсартады және оны күтімнің келесі сатысына дайындайды.
Ерінге арналған, ши майы қосылған бальзам «Ақ шай және цитрус» құрғақ, жарылып кеткен ерінді күні бойы ылғалдандырып тұрады, нәзік ерін терісін тыныштандырады және жұмсартады. Бальзамды пайдалану ерінде қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғаумен қамтамасыз етеді, ерін күтімді және жарқын түрге ие болады.
Жағу жөніндегі нұсқаулық
1. Скрабты еріннің таза терісіне жеңіл уқалаушы қимылмен жағыңыз да, оны бір минуттай теріге уқалаңыз. Бұл құрғақтық пен қабыршақты тез
кетіруге көмектеседі.
2. Скрабты пайдаланғанан кейін ерінді ылғалдандыру үшін бальзам жағыңыз.
БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Табиғи қант кристаллдары - ерін терісін қабыршақтан нәзік тазалап, оны қоректендіреді.
Ши майы - ерін терісін жұмсартады, ылғалдандырады және қалпына келтіреді, құрамында Омега-3 қышқылдары бар.
Күнбағыс майы - антиоксидант, клеткалардың қайта қалпына келуіне ықпал етеді, күннің жағымсыз әсерінен қорғайды.