0Сіздің себетіңізде
XМакияж астына жағылатын негіз ұзақ уақыт бойы кәсіби визажистердің модельдер мен атақтылардың терісін мүлтіксіз етуге арналған құпия «қаруы» болып келді. Mary Kay® Макияж астына жағылатын, SPF 15 факторлы тегістеуші негіз түс беруші негіздің қасиеттерін жақсарта, оны тұрақтырақ ете отырып, терінің сырт келбетін жақсартады. Осы құралды пайдаланып көрген бірқатар әйелдер Mary Kay® Макияж астына жағылатын тегістеуші негіз терінің мүлтіксіз түрін тоғыз сағаттан астам уақыт ішінде сақтап тұратынына сенімді.
Негізді теріге күтім жасаудың соңғы сатысынан кейін бетке толығымен жағып, саусақ ұштарымен мұқият жаймалаңыз, осылайша түс беруші құралды жағуға тамаша негіз жасайсыз.
Формуланың құрамында кварц, минералды оптикалық диффузор бар. Ол терінің көзге көрінер кемшіліктерін азайта отырып, оның тегісірек көрінуіне көмектеседі. Сонымен бірге теріні қалпына келтіруші қосындылар түс беруші негізді біртегіс етіп жағуға көмектеседі, ал құралдың формуласы макияждың ұзақ уақыт сақталуына ықпал етеді.