Парфюмерная вода Belara®
«Сіз бүгінгі шақыруларды ертеңгі жетістіктерге бағдарлана отырып қабылдайсыз». Хош иіс кәсіби, реалистік, сезімді, батыл, өзіне сенімді және жігерлі әйелге арналған. Оның өмірде өз мақсаттары бар және оларға қол жеткізу жолдарын біледі. Ол өмір үндеулерін іздейді. Ол өз күшін қалай пайдалы қолдануға болатындығын біледі.
Советы по нанесению
Тері тамыр соғысы білініп тұратын жерлерде – мойында, білекте, қол бүгілетін жерде және тізенің астыңғы жағында жылырақ болады, бұл хош иістің көбірек таралуына мүмкіндік береді және сезіну процесін жақсартумен қамтамасыз етеді. Сондықтан жұпарды дәл осы нүктелерге шашқан және жаққан дұрыс.
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ:
Алғашқы әсер - Сан-хоакин шие жидегі, інжір, жабайы қарақат, жылтыр түсті лотос гүлдері, питтоспорум ноталарының балғындығы мен орташа тәттілігі.
ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ:
Хош иістің жүрегі лалагүл, оңтүстік үнді туберозасы, бәйшешек гүлдері, алтын акация жапырақшасының гипнозды сиқырына толы.
ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ:
Жұмсақ әсерлі мускус ақ терек қабығы мен сандал ағашының аккордымен араласқан.
Как работает средство
Жұпарлардың хош иісі күні бойы өзгеріп отырады. Бұл құрамындағы әр алуан қосындылардың теріге жағылғаннан кейін әр түрлі кезеңде ашылатынымен байланысты. Парфюмерлер негізгі үш кезеңді бөліп көрсетеді:
Жоғарғы ноталар хош иістің өзін көрсетеді және 15 минут ішінде ашылуы мүмкін.
«Хош иістің» өзегі ретінде танымал ортаңғы ноталар жұпар теріге жағылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ашылып, таралады. Олар жоғарғы ноталар жойылғаннан кейін барып шығады және хош иіс әрекет ететін бүкіл уақыт ішінде байқалып тұрады. Төменгі ноталар соңғы әсер береді, сонымен бірге ең ұзақ уақыт байқалады. Олар хош иісті жаққаннан кейін бірнеше сағат ішінде ашылуы мүмкін.