TimeWise® Daytime Defender SPF 30
Күндіз және түнде теріде табиғи физиологиялық өзгерістер болады. Осы физиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, тері күтімі ең тиімді болуы мүмкін. Күндізгі және түнгі күтім құралдарын бөлу тәсілін ұстана отырып, терінің саулығы мен сұлулығын сақтауда үлкен әсерге қол жеткізуге болады.
Тері кедергі, реттеуші, өндіруші және бекітуші ретінде әрекет ететін көптеген маңызды функцияларды орындайды. Ол осы функциялардың барлығын аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат орындаса да, кедергіге келгенде, ол күні бойы әлдеқайда көп "жұмыс істеу" керек. Сондықтан күндіз тері көбірек қорғаныс функцияларын орындайды да, қалыңдайды. Ауаның ластануы, ультракүлгін сәулелер, суық ауа райы және басқа факторлар теріге әсер етеді, оған залал келтіріп, табиғи қорғаныс функцияларын әлсіретуі мүмкін. SPF 30 және одан да кең спектрлі қорғаныс біраз уақыттан бері ерте қартаюды алдын алуға көмектесетін теріге арналған негізгі күтімі болып табылады. Бірақ ғалымдар терінің ылғалды өзкізбейтін кедергісі оның саулығы үшін қажет және табиғи қорғаныстың маңызды құрамдас бөлігі екенін мойындайды. Ылғал өткізбейтін кедергі ішіндегі жақсыны (мысалы, ылғалды) сақтауға және жаманнан (мысалы, ауаны ластайтын заттардан) қорғауға көмектеседі. Кедергі бұзылған кезде, бұл көбінесе қоршаған орта факторларының нәтижесі болады және теріні құрғақ және күңгірт етуі мүмкін. Осылайша мықты, сау ылғал өткізбейтін кедергі – теріні қорғау маңызды әдістерінің бірі, бұл күн сайын сіздің күтіміңізде болу керек.
SPF 30 факторлы Күндізгі қорғаушы құрал TimeWise® теріге арналған күнделікті күтімнің таптырмайтын құралы, теріні қоршаған ортаның стрестік әсерінен қорғауға, сонымен қатар UVA/UVB сәулелерден қорғап, терінің көзге байқалатын ерте қартаю белгілерін азайтуға көмектеседі.
SPF 30 факторлы Күндізгі қорғаушы құрал TimeWise® UVA/UVB-сәулелерден кең спектрлі қорғаныстың арқасында көзге байқалатын терінің ерте қартаю белгілерінің пайда болуын кешіктіруге көмектеседі. Бұл теріге күнделікті күтім жасауға арналған таптырмас құралдың құрамына терінің су өткізбейтін кедергісін нығайтуға көмектесетін опунция экстракты кіреді. Тері күтіміне арналған, TimeWise® кешенімен толықтырылған SPF 30 факторлы Күндізгі қорғаушы құрал теріге күні бойы жарқырап көрінеді, оның түсін тегістейді. Тез сіңіп кететін формуласы терідегі жіңішке сызықтардың байқалуын азайтады және терінің жалпы жағдайын жақсартады. Терінің барлық типіне арналған; тері сау әрі шымыр көрінеді.