Back

Жылтыр түс беруші негіз TimeWise® 3D

30 мл.

11 000 ТГ

Піл Сүйегі Ж 120 (Ағартушы)

Product Smudge Image Түс атауларын көру
Құрамындағы Age Minimize 3D® кешенінің арқасында Жылтыр түс беруші негіз TimeWise® 3D мінсіз жабын жасап қана қоймай, ол уақыттан тыс сұлулық сыйлайды. Оның формуласы сіздің бетіңізге мінсіз жас түс береді, жеңіл текстуралы, соның есебінен тері күні бойы табиғи көрінеді.
  • Түстер біздің IntelliMatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаланып, әзірленген.
  • Құрамына тері күтіміне арналған TimeWise® 3D® «Сиқырлы жиынтық» құралдарында бар Age Minimize 3D® кешені кіреді.
  • Теріні 12 сағат бойы ылғалдандырады.
  • Біртегіс жағылады және әжімдерде жиналып қалмайды.
  • Тұрақты, жеңіл текстуралы және жылтыр финиш жасайды.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

60 900 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
  • Артықшылықтары
Жылтыр түс беруші негіз TimeWise® 3D
Біздің IntelliMatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаланып әзірленген жылтыр формуладан өзіңіздің мінсіз түсіңізді табыңыз. Содан кейін табиғи түстей көрінетін және күні бойы жайлы сезілетін 12 сағат бойы жеңіл түс беруші негізден ләззат алыңыз. Бұл түс беруші негіздің құрамында біздің Age Minimize 3D® кешеніміз бар, ол теріні еркін радикалдардан қорғайды, теріні ерте қартаюдан сақтайды және жіңішке сызықтар мен әжімдерді азайтып, оның жағдайын жақсартады. Біртегіс жаймаланатын және жабынмен қамтамасыз ететін осы ылғалдандырушы формуланы пайдаланып, тығыздық деңгейін орташадан тығызға дейін өзіңіз реттеуге болады, сонда беттің мінсіз түсіне қол жеткізесіз.

Формуланың сипаты:
  • Дерматологтардың сынағынан өткен
  • Тері тітіркенуіне және аллергияға қарсы клиникалық тестілеуден өткен.
  • Комедогенсіз
  • Сезімтал теріге пайдалануға боладыКөз айналасындағы терісі сезімтал және түйіспелі линза киетіндер де пайдалануға болады
  • Құрамында хош иістендірілген және майлы қосындылар жоқ.
Жағу жөнінде нұсқаулықтар
Түстердің жаңа қарапайым атауларының арқасында сіз өзіңіздің мінсіз түсіңізді тез тауып аласыз. Түстің әрбір атауына кіреді:
  • Терінің негізгі түсі (піл сүйегі, сарғылт қоңыр);
  • Түс (Х = суық, Т = жылы немесе Н = бейтарап); және
  • Тері түсіндегі реңктің тұңғиықтығы (кіші мәні ең ашық түске сәйкес келеді, ал саны ұлғайған сайын түсі қаралау болады).
  • Төмендегі кесте өзіңіздің түсіңізді анықтауға көмектеседі.
    Түс

    Осылай болуы мүмкін, егер...
    С = суық түс – қызғылт, қызыл немесе көгілдірлеу Ж = жылы түс – сары, алтын немесе қызғылт сары Б = Бейтарап түс – қызғылт/алтын-сары немесе сарғыш үйлесімі
    Білектегі күретамыр: Табиғи жарықта көгілдірлеу көрінеді Табиғи түрінде жасылырақ көрінеді Табиғи жарықта түсін анықтау қиындау
    Зергерлік бұйымдар: Сізге күмістен/платинадан жасалған әшекейлер көбірек жарасады Сізге алтын әшекейлер көбірек жарасады Сізге күміс/алтын және платинадан жасалған әшекейлер бірдей жарасады
    Күн: Тері күйіп кетеді немесе қызғылт болады Тері қаралау түске айналады Тері қызғылт болады және/немесе қола реңкке ие болады

    Осы кестені нұсқаулық ретінде пайдаланыңыздар; сіз мінсіз түс теріңізде «жоғалып кететініне» көз жеткізу үшін үш түсті беттің төменгі контуры тұсына жағып көріп, түс беруші негіз толық сіңіп кеткенше күте тұрыңыз.

ПАЙДАЛАНУ:
• Түс беруші құралды алдын ала тазаланған бетке жағыңыз.
• Құралды жағу үшін түс беруші негізді жағуға арналған қылтаяқшаны немесе спонж-блендері пайдаланыңыз немесе саусақ жастықшаларымен жағыңыз.

• Терінің барлық типіне арналған
• Сезімтал теріге де пайдалануға болады
• Реңктерін «Образ» каталогынан көріңіз
БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Формуласында жарық шағылдырғыш минералдар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жайлылықпен қамтамасыз ететін жожоба бар.

Жылтыр түс беруші негіз TimeWise® 3D құрамына TimeWise®3D «Сиқырлы жиынтық» құралдарының әрқайсысында бар Age Minimize 3D® эксклюзивті кешені қосылған. Кешен құрамына инкапсуляцияланған ресвератрол, екі әсер ететін В3 витамині және жас ұлғаюына қарсы пептид кіреді.

Инкапсуляцияланған ресвератрол
  • Ресвератрол – көптеген артықшылықтарға ие нағыз жас ұлғаюына қарсы сенсация:
1. Ол антиоксиондаттық артықшылықтарды үш әдіспен қамтамасыз етеді, терідегі еркін радикалдардан мықты қорғаныс жасайды. Ол мынадай қабілеттерді көрсетті:
  • Теріге еркін радикалдардың ықпалынан болатын негативті әсерге қарсы тұрады.*
  • Табиғи қорғаныс антиоксиданттарын күшейтеді.*
  • Тері кедергілерін қолдауға көмектесіп, табиғи антиоксиданттармен үйлесімде жұмыс істейді.*
2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*
3. Ол теріні табиғи коллагенін сақтайды*, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектеседі.
  • Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта болатын қосынды, қоршаған ортаның стресстік факторлар әсерінен қорғайды.
  • Біздің кешеніміздің құрамында табиғаттағы ең жоғары концентрациялы көзінен алынған тазартылған формула бар: жапондық рейнутрия.
  • Инкапсуляцияланған ресвератрол — липидтер мен су қабатында ерітілген. Әрбір қабаты теріге жаққанда баяу еріп, осы белсенділігі жоғары қосындыны босатады.
В3 витамині
  • Құрамына ниацин кіретін В тобының суда ерітин витаминдер тобына жататын В3 витамині.
  • Ол терінің кедір-бұдыр түсіне мақсатты түрде әсер етеді.
  • В3 витамині теріні еркін радикалдардан қосымша қорғау үшін антиоксидант ретінде қарсы тұрады.
Жас ұлғаюына қарсы пептид
  • Біздің пептидіміз бір бірімен біріккен төрт аминоқышқылдан тұрады, бұл теріге жас түр беру үшін оң әсер етуге көмектеседі.*
  • Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді.*
Intellimatch эксклюзивті технологиясы - түс беруші негіздің молекуларын теріңізбен мінсіз үйлесуін қамтамасыз етеді.

Жожоба балауызының эфирі – эмолент – бағалы ингредиент, терінің зақымдалған кедергісін қалпына келтіреді.

Кремний диоксиді – губка секілді әрекет ететін минерал, сіңіріп алады.

*Негізгі қосындылары in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген.

Құрал қалай жұмыс істейді
Біз бүкіл жер шарындағы 1000 әйелдің терісінің түсін сақтап қалу үшін өзіміздің Intellimatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаландық. Бұл ақпарат терінің айрықша түсіне мінсіз сәйкес келу үшін тағы көптеген әйелдер өздеріне жарасатын түс беруші негізді таңдап ала алатындай біздің түс беруші негізіміздің түпнұсқалығын жақсартуға мүмкіндік берді.
Біз 3 000 нұсқасын сақтап, нақты дерек алу үшін үш негізгі жері (маңдай, бет сүйектері және декольте тұсы) сканерлерген болатын. Зертханадағы пигменттердің дұрыс байланысын жақсартуға арналған жүздеген сағаттан кейін әйелдердің әр түрлі терісінің кең спектрге түпнұсқалық сәйкестігін қамтамасыз ететін TimeWise® 3D Күңгірт және Жылтыр түс беруші негіз пайда болды.

Жаңа, таңғаларлықтай ыңғайлы қаптама
  • Мөлдір терезесінен түсті оңай көруге болады және қайтара тапсырыс беру үшін құралдың қанша қалғанын көруге мүмкіндік береді.
  • Пластик түтікшесі саяхаттау кезінде косметика салғышта немесе шкафтың сөресінде сақтау үшін алаңдаудың қажеті жоқ, себебі шыныға қарағанда, ол жарылып, сынып немесе бөілініп қалмайды.
  • Формуласы түтікшеге бір басқаннан оңай бөлінеді де, құралдың қалаған мөлшерін қадағалай аласыз.
Негізгі артықшылықтары
Түс беруші негіз жіңішке сызықтар мен әжімдерді тегістейді, терінің кемшіліктерін жасырады, тері саңылауларының, қара дақтардың және қарайған жерлердің пайда болуын азайтады және тері түсін тегістейді. Соңғы нәтижесі ме? Тері сау, шымыр әрі жас көрінеді.
  • Тері бірден ашық көрінеді, ал түс беруші негіз балғындықты күні бойы сақтайды және теріні ылғалдандырады.
  • Майлылық немесе жабысқақтық сезімін қалдырмайды және әжімдерге жиналып қалмайды.