Күңгірт гель ерін бояғыш
Ерін бояғышты дайындау кезінде гель (микросфералар) қолданудың жаңа технологиясын пайдаланған Mary Kay®-дегі бірінші күңгірт гель ерін бояғыш болып табылады. Осы технология тұрақты және қанық түске қол жеткізуге мүмкіндік береді, ерін терісін кептірмейді. Түспен қаныққан формула ерніңізге айқындылықтың жоғары деңгейін береді. Қақпағындағы мөлдір шыны қажетті реңкті оңай табуға және таңдауға көмектеседі.
Тартымды реңктердің біреуін таңдап, образыңызды айқындай түсесіз!
БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Табиғи ылғалдандырушы қосындылар кешені - еріннің нәзік терісіне күтім жасайды және біркелкі, күңгірт финишпен қамтамасыз етеді.
Жоғары пигментті формула - тұрақты және қанық түсті қамтамасыз етеді, бірақ ерін терісін кептірмейді.
Құрал қалай жұмыс істейді
Түсі өзгеше және оңай жағылады: Ультражіңішке пигменттер ерін бояғышқа таңғажайып тегіс түс береді. Ерін бояғышты қанық түспен қамтамасыз етеді. Жартылай мөлдір гель осы күңгірт ерін бояғыштың негізі болып табылады және тегіс жағылуын қамтамасыз етеді.
Тамаша тұрақтылық: Ең жіңішке кремний диоксиді пайдаланылатын “Cushion Matrix” инновациялық технологияның арқасында ерін бояғыш ұзақ уақыт бойы сақталады.
Тегіс әсер: Ерін бояғыштың құрамындағы жарық шашатын бөлшектері еріндегі кемшіліктерді тегістейді.
Нәзік күтім: Еріннің нәзік терісі ылғалды тез жоғалтады. Күңгірт гель ерін бояғыш құрамында күнбағыс майы мен жожоба майы секілді ерінді ылғалдандыратын пайдалы қосындылар бар.